Әртістік жүзуден отандастарымыз Азия чемпионатында кезекті жүлдеге қол жеткізді

ҰОК

Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан жас ерекшелігі бойынша Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әйелдер арасындағы техникалық бағдарлама бойынша жұптық сында Мақпал Қалмұрза мен Даяна Джаманчалова күміс жүлдеге ие болды. Алтын медаль Өзбекстан спортшыларына бұйырса, қола жүлдені Малайзия құрамасының өкілдері жеңіп алды.

Айта кетейік, санаулы сәт бұрын Виктор Друзин техникалық соло бағдарламасында топ жарған болатын.