Тыйым салынған жерде шомылған жасөспірім суға батып кетті

  • AstanaTV
  • 23 шілде 2026

Тыйым салынған жерде шомылған жасөспірім суға батып кетті. Оқиға Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданына қарасты Аққұм ауылында болған. Марқұм інісімен бірге мал бағып жүріп, суға шомылмақ болады. Алайда судан шыға алмаған. Құтқарушылар мәйітті судан бүгін алып шықты. Айта кетейік, бұл шомылу маусымы басталғалы өңірде тіркелген үшінші қайғылы жағдай.