Жамбыл облысында сегіз жасар қызды зорлаған педофил өмір бойына сотталды

  • AstanaTV
  • 23 шілде 2026

Жамбыл облысында сегіз жасар қызды зорлаған педофил өмір бойына сотталды. Жұрттың жағасын ұстатқан жағдай Сарысу ауданында болған.  Қаршадай қызға қастандық жасаған өзінің жақыны болып шықты. Ол күндіз бірден өте вай-файдың кодын сұрап туысының үйіне кірген. Сол сәтті анасы үлкен ұлы мен қызын ертіп шарумен қалаға шығып кеткен екен. Бірақ кіші қызын көзі көрмейтін қарт атасымен қалдырыпты. Сол сәтте үй ішіне енген ер адам 8 жасар қыздың ойнап отырғанын көріп үйде басқа ересектер жоқ екеніне көз жеткізген соң жымысқы ойын жүзеге асырған. Кейін анасы келгенде жасөспірім қыз бар шындықты жайып салған. Бірден қызының зорланғаны туралы арыз түсірген.  Ойын баласына ойына келгенін істеген педофил ұсталып, азғындық жасағанын сараптама қорытындысы дәлелдеген. Сот отырысы жабық форматта өтті. Енді ол өмірінің соңына дейін темір торда отырады.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛАЛЫҚ СОТЫ:

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігінің санкциясы тек өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Сот үкімімен оған өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.