Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында төбенің бір бөлігі опырылып түсті. Оқиға үшінші қабатта, панорамалық терезенің жанында болған. Ғимараттың астан-кестеңін шығарған ақаулы құбыр көрінеді. Кәріз жүйесінің қосылған жері зақымданып, салдарынан төбе төмен қарай ойылып түскен.
«ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Вокзал қызметкерлері тексеру жүргізіп, зақымданған аумақты толық қарап шықты. Қазіргі уақытта бұзылған жерді герметизациялау мен құбырларды қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Жөндеуден кейін аумақ жуылып, артық заттардан толық тазартылды.