Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 12 шетел азаматы анықталды

Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 12 шетел азаматы анықталды. Олар Түлкібас ауданында экскаватор мен жүк көліктерін пайдаланып, заңсыз жер қойнауын игеру жұмыстарын жүргізген. Шетел азаматтарына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, іс сотқа жолданды. Оларды заңсыз жұмысқа тартқан қабылдаушы тарап та әкімшілік жауапкершілікке тартылды.