25-27 шілде аралығында Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық қайта күшейеді
Синоптиктердің болжамынша, 25-27 шілде аралығында Атлантикалық циклон Қазақстанның басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды. Соның әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл, екпінді жел болады.
Ал батыс пен солтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Сонымен қатар Иран аумағынан ыстық ауа массаларының келуіне байланысты еліміздің көп бөлігінде аптап ыстық қайта күшейеді.
Күндізгі ауа температурасы:
- Батыс пен солтүстік-батыста +38...+43°C;
- Солтүстікте +30...+35°C;
- Орталықта +28...+39°C;
- Оңтүстікте +36...+41°C;
- Оңтүстік-шығыста +29...+37°C;
- Солтүстік-шығыс пен шығыста +23...+32°C болады.