«Байтақ» партиясы республикалық сайлауалды штабтың жұмысын бастады

  • AstanaTV
  • 24 шілде 2026

«Байтақ» партиясы республикалық сайлауалды штабтың жұмысын бастады. Ұйым өңірлік штабтардың қызметін үйлестіріп, алдағы саяси доданың негізгі бағыттары мен іс-шаралар кестесін айқындады. Үгіт-насихат науқанын «байтақтықтар» эко-марафонмен бастады. 200-ден астам белсенді 2,5 шақырым қашықтықты жүгіріп өтіп, бұқараны салауатты өмір салты мен таза қоршаған ортаны қолдауға шақырды. «Байтақ» жасылдар партиясы Құрылтай депутаттарының сайлауына 47 кандидаттан тұратын партиялық тізім ұсынды. Партиялық тізімдегі 18 кандидат әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар санатына жатады. Олардың үлесі 38,3%-ды құрап, заңда белгіленген квота сақталған.

АЗАМАТХАН ӘМІРТАЕВ, "БАЙТАҚ" ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бақытты болу үшін бірінші денсаулық керек. Сол себептен салауатты өмір сүру салтын біздің "Байтақ" дәріптейді. Әрбір азамат таңғы жүгіріп, арнайы спортпен айналысса, оның денсаулығы жақсы болады. Екіншіден, біз осы таңғы жүгіру акциясын өзіміздің ұлттық домбырамен сүйемелдедік.