Қарағанды облысындағы алтын кенішінде жұмысшы қаза тапты

Фото: istockphoto.com

Қарағанды облысында қайғылы жағдай болды

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы "Алтыналмас АК" АҚ өндірістік нысандарының бірі – "Пустынное" ТБК аумағында жазатайым оқиға болды, деп хабарлайды алтын өндіруші кәсіпорын.

Оқиға 23 шілде, сағат 11:30 шамасында болған.

"Пустынное" ТБК екінші саты ұсақтау корпусының конвейер машинисі қаза болды. Оқиғаның себеп-салдары мен мән-жайын уәкілетті органдар анықтап жатыр. Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғырып көңіл айтамыз, – деп жазылған хабарламада.

Компания марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсететінін айтты.