Қазақстан ТМД-ға мүше мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесіне төрағалық етеді

Мәдениет және ақпарат министрлігі

Арменияның Капан қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. Оған Қазақстан Республикасының делегациясы қатысты. Іс-шара «ТМД жастар астанасы» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылды.

Отырыс барысында қатысушы мемлекеттердің өкілдері жастар саясатын дамытудың басым бағыттарын, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, жастар бастамаларын қолдау, волонтерлік қозғалысты дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Қазақстан тарапы жастар саясаты саласындағы көпжақты әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Қазақстандық делегация ТМД-ға мүше мемлекеттердің жастар қоғамдық ұйымдарының форумына және Кеңес мүшелерінің панельдік пікірталасына қатысты. Басқосуларда ТМД елдерінің жастар ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдары сөз болды.

Жиын қорытындысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесіне төрағалық ету кезегі Қазақстанға өтті.