Астанада 20–26 шілде аралығында Ұлттық теннис орталығының Beeline Arena хард корттарында ересектер арасында теннистен Қазақстанның жазғы чемпионаты өтті.
Қазақстанның жазғы чемпионатының қорытындысы:
Әйелдер арасындағы жекелей сын: 1-орын — Іңкәр Дүйсебай (Алматы); 2-орын — Сандуғаш Кенжебаева (Астана); 3-орын — Ева Корышева (Ақтөбе облысы).
Ерлер арасындағы жекелей сын: 1-орын — Даниял Рахматуллаев (Ақтау); 2-орын — Ерасыл Ерділда (Қызылорда облысы); 3-орын — Мансұр Саинов (Ақтөбе облысы).
Әйелдер арасындағы жұптық сын: 1-орын — Асылжан Арыстанбекова / Еркежан Арыстанбекова (Алматы); 2-орын — Іңкәр Дүйсебай (Алматы) / Альбина Кәкенова (Астана); 3-орын — Айя Нұпбай (Алматы) / Анастасия Крымкова (Тараз).
Ерлер арасындағы жұптық сын: 1-орын — Ерасыл Бахтияр (Астана) / Ерасыл Ерділда (Қызылорда облысы); 2-орын — Ілияс Маратұлы / Ислам Орынбасар (Астана); 3-орын — Тимур Сауленко / Арсений Требухин (Алматы).