Бұршақ жауып, жел күшейеді

ашық дереккөз

Ақмола облысында күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы 35 градусқа дейін жетеді. Облыстың батысында жоғары, оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз оңтүстік-шығыста секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа дейін ысиды, оңтүстігінде аптап ыстық 41 градусқа жетеді. Облыстың батысында, шығысында және орталығында жоғары, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында күндіз 35-36 градус ыстық болады.

Павлодар облысында облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Солтүстік жел күндіз аталған аумақтарда секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысында күндіз шығысында жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні шығыста секундына 15 метрге дейін жетеді. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында секундына 15 метрге дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы 35-38 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында солтүстік, солтүстік-шығыс желі соғып, күндіз екпіні секундына 15 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы 35 градус болады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және желдің күшеюі күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде секундына 15-20 метрге, екпіні 23 метрге дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Абай облысында облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде секундына 15-20 метрге, екпіні 23 метрге дейін жетеді. Облыстың солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Алматы облысында күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-шығыс желі облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта солтүстік-шығыс желінің екпіні күндіз секундына 18 метрге дейін жетеді. Күндіз ауа температурасы 35 градус болады.

Алматы қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауының таулы бөліктерінде, сондай-ақ Медеу және Бостандық аудандарының таулы аумақтарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-шығыс желінің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Жетісу облысында облыстың шығысында және таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыс желі шығысында және солтүстігінде секундына 17-22 метрге дейін күшейеді.

Жамбыл облысында таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-шығыс желі облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, екпіні 23 метрге жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Таразда солтүстік-шығыс желі таңертең және күндіз секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қалада да төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыс желі солтүстігінде, батысында, тау және тау бөктеріндегі аудандарда секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, тау асуларында екпіні 25 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы 40-41 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістан қалаларында солтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түркістанда күндіз ауа температурасы 40-41 градус болады.

Қызылорда облысында күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыс желі күндіз секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 40-42 градусқа дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз 40-41 градус аптап ыстық болады. Қалада да төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында күндіз ауа температурасы 40-43 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыс және оңтүстік-шығыс желі облыстың батысы мен оңтүстігінде секундына 15-18 метрге дейін күшейеді. Ақтөбе қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында күндіз облыстың батысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-шығыс желі солтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде секундына 15-18 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 40-43 градусқа дейін көтеріледі. Атырау қаласында күндіз 40-42 градус аптап ыстық болады.

Маңғыстау облысында күндіз ауа температурасы 43-47 градусқа дейін көтеріліп, өте қатты ыстық болады. Ақтауда оңтүстік-шығыс желінің екпіні күндіз секундына 15 метрге дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысында күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Облыстың батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыс желі батысқа ауысып, облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы 40-43 градусқа дейін көтеріледі. Орал қаласында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-шығыс желі батысқа ауысып, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.