Аляска жағалауында 5,8 балдық жер сілкінісі тіркелді

Фото: istockphoto.com

Жергілікті билік жағдайды бақылауда ұстап отыр.

АҚШ-тың Аляска штаты жағалауында магнитудасы 5,8 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) мәлімдеді.

Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Атка елді мекенінен оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 99 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте тіркелген.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Жергілікті билік жағдайды бақылауда ұстап отыр.