Бүгін қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа толды

Фото: ашық дереккөз

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. 

Ол 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады. Осы кезде авиация саласындағы ерен еңбегі үшін Тоқтар Әубәкіровке «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді. 

1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ел тарихында өшпес із қалдырды. Ғарышқа көтерілер сәтте ана тілімізде «Халқым, сен үшін отқа да, суға да түсуге дайынмын!» деп ұран тастаған батырдың бұл сөзі Отанға деген өшпес махаббаттың үлгісі.

Ғарышта 7 күн, 22 сағат, 13 минут маңызды зерттеулер жүргізген Халық қаһарманының ерлігі ел жадынан өшпейді!