Қайғылы оқиға бұрғылау-жару жұмыстары кезінде болған. Оқиғаның мән-жайын еңбек инспекциясы анықтап жатыр.
Павлодар облысында «Майкүбі Вест» АҚ көмір кенішінде қаза тапқан жұмысшының өліміне байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Деректерге сәйкес, жұмысшы ауыр жарақат алып, көз жұмған.
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 24 шілде күні Баянауыл ауданындағы кәсіпорын аумағында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, 1984 жылы туған тау-кен шебері бұрғылау-жару жұмыстары кезінде ауыр жарақат алған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Жазатайым оқиға 2026 жылғы 24 шілдеде Баянауыл ауданындағы «Майкүбі Вест» АҚ аумағында тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, бұрғылау-жару жұмыстары кезінде 1984 жылы туған тау-кен шебері ауыр жарақат алып, алған жарақаттарының салдарынан көз жұмды, - делінген ведомствоның мәліметінде.
Қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр
Қазір Мемлекеттік еңбек инспекциясының мамандары оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.
Тексеру қорытындысы бойынша өндірістегі қауіпсіздік талаптарының сақталуына құқықтық баға беріледі.