Түркістан облысында анасын өлтірді деген күдікпен ұлы ұсталды

  • AstanaTV
  • 27 шілде 2026

Түркістан облысында 40 жастағы ер адам анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қайғылы оқиға Түлкібас ауданында болған. Егде жастағы әйелдің пышақталған  мәйіті өз үйінен табылды. Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеп, марқұмның ұлын күдікті ретінде қамауға алды. Қылмыстың нақты себебі әзірге белгісіз. Әйел ауыр жарақаттан көз жұмған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.