Өскеменде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз жоғалып кетті. 22 жастағы Мархан Айқын Ерланұлы осыдан 4 күн бұрын қару-жарақ қоймасын күзетіп тұрған жерінен өз бетінше кетіп қалған. Әскери полицияның мәліметінше, мерзімді қызметшінің қолында қару болмаған. Ол әскери бөлім аумағынан шыққан соң азаматтық киім ауыстырып алуы мүмкін деген болжам бар. Өскемен гарнизоны қатардағы сарбазға іздеу жариялады.
ӨСКЕМЕН ГАРНИЗОНЫ, ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ:
Әскери полиция бөлімі ішкі істер органдарымен бірлесіп іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы азаматтарынан әскери қызметшінің жүрген жері туралы қандай да бір мәлімет белгілі болған жағдайда хабарлауды сұрайды. Берілген ақпараттың құпиялылығы сақталады. Іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полиция бас басқармасы бақылауында.