15 тамызға дейін еліміздегі босандыру қызметін көрсететін 69 медициналық ұйым тексерістен өтеді

  • AstanaTV
  • 27 шілде 2026

15 тамызға дейін еліміздегі 69 перзентхана тексеріледі. Жауапты мамандар инфекциялық бақылау талаптарының орындалуын саралап, ана мен нәрестенің қауіпсіздігін күшейтуге және ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу шараларының тиімділігіне ерекше мән береді. Сондай-ақ өңірлердегі медициналық ұйымдарды қажетті жабдықтармен, қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіп, медицина қызметкерлерін инфекциялық бақылау бойынша тұрақты оқыту жолға қойылмақ.