«Ақжол» демократиялық партиясының кандидаттары Көкшетаудағы «Кокше-city» серіктестігінің жұмысшыларымен кездесті. Жылына 50 млн дана ұнға арналған қап шығаратын цехта бүгінде 350 адам еңбек етеді. Партия өкілдері сайлауалды бағдарламасын таныстырып, басымдық беріп отырған негізгі бағыттарына тоқталды. Сонымен бірге, еңбеккерлердің толғандырған мәселелерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, кездесу барысында кәсіпорын басшыларының да жұмыс жүргізу кезінде кездесетін кедергілерімен танысты. Сондай-ақ кәсіпорын басшылығының күнделікті жұмыста кездесетін қиындықтары талқыланды. Жиында отандық бизнесті қолдау және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелері ерекше сөз болды.
ДАНИЯ ЕСПАЕВА, «АҚЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Халықпен сөйлескенде көбісі қарызға батып отыр екен. Бірақ та біз соңғы үш жылда парламентте осы қарызға қарсы заңдарды қабылдасақ та, көбі өзінің құқықтарын білмейді екен. Сондықтан бүгін менің бірінші міндетім оларға өзінің құқықтарын, қандай жолдары бар, оны несиені қалай жоюға болады деген. Банкроттық туралы заң соны түсіндірдірдік.