Respublica партиясының өкілдері өскемендіктермен кездесті

Respublica партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Өскеменде бірқатар кездесу өткізді. Олар сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорында болып, Үлбі металлургия зауытының жұмысшыларымен және қала тұрғындарымен кездесті. Жиында салық мәселелері, экологиялық жағдай және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды. Кандидаттар жастармен ашық диалог өткізіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. 

МЕЙРАМГҮЛ МӘДӘЛІ, RESPUBLICA ПАРТИЯСЫНАН ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТ:

Өскемен қаласының кейбір азаматтары парктың мәселесін шешу, қаланың тазалығы деген сияқты дүниелерді де көтеріп жатыр. Біздің негізгі мақсатымыз -бұл кездесудегі осындық мәселелерді ұғыну, түсіну, жинау.