Алматының Түрксіб ауданында тұрғындарға қолайлы орта қалыптастырудағы жұмыстар жалғасуда

  • AstanaTV
  • 27 шілде 2026

Алматының Түрксіб ауданында тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Халық сұранысына сай тағы бір жаңа қоғамдық кеңістік пайдалануға беріліп, саябақ пен сәулеттік нысандар жаңартылды. 

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында ауданның келбетін жақсартудағы кезекті жұмыстардың нәтижесі таныстырылды. Аудандағы маңызды кеңістіктердің бірі Сейффулин атындағы саябақта абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, гүлдермен безендірілген. Жарықтандыру жүйесі толық жаңартылған. Аудан әкімі мұнда келушілер көбейіп, тұрғындардың серуендеуі мен тынығуына қолайлы әрі тартымды орынға айналғанын айтады.

ДАМИР ӘКЕЖАНОВ, ТҮРКСІБ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Көгалдандыру, жаңа гүл отырғызу жұмыстарын жасадық. 12 түр гүл отырғыздық, өздеріңіз көргеніңіздей. Сквер енді әдеміленіп қалды. Сыртқы освещение орнаттық жаңа. Енді көркейту үшін жылда біз ол жерге тағы да ойлап отырмыз, гүлдер егеміз, сол жерге бір фонтан жасасақ деген жоспарымыз бар. Современный игрово-площадкалар жасалды.

Сондай-ақ Жахангер көшесіндегі кешенді абаттандыру жұмысы толық аяқталды. Қоршау мен тегіс жол, жаңарған жасыл желек және бүлдіршіндер асыр сала ойнап жүрген жаңа балалар алаңын көруге болады.

САРА МҰТАЛХАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бұрынғы жасағанын алып, әдемі қылып истеп берсеңіз деп, сөйтіп обращение қылғанбыз ғой біздің әкімшілікке. Олар бізге істеп берді. 2 ай, 2 жарым айда бітіріп берді. Қазір сондай тамаша болып тұр. Біз өзіміз де солай не деп ойлаймыз да, келіп, кешке жақын бәріміз дем аламыз осы жерде. Дем алып, ауа жұтамыз. Кішкентай балаларымызды алып келеміз.

Жергілікті билік халық бастамасымен жалпы саны 24 жоба бар екенін, жаз соңына дейін олардың халық игілігіне берілетінін атап өтті. Қолданыстағы кеңістіктерді алда дамыту мен күтіп ұстауға ерекше көңіл бөлмек. Негізгі мақсат - тұрғындар үшін жайлы әрі қолайлы орта қалыптастыру.