Каспий теңізінен ағыс алып кеткен жасөспірімдер құтқарылды

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Каспий теңізінде шомылып жүрген бес жасөспірімді құтқарып қалды.

Теңіздегі қатты толқынның салдарынан олар жағадан алыстап кетіп, өздігінен орала алмаған.

Оқиға Ақтаудағы Каспий теңізі жағалауында ТЖМ қызметкерлері үгіт-насихат және профилактикалық іс-шаралар өткізіп жатқан кезде болған.

Ведомствоның мәліметінше, теңіздегі қатты толқын салдарынан жасөспірімдер жағаға өз күшімен шыға алмаған.

Құтқарушылар жедел әрекет етіп, көмекке келіп, бес жасөспірімнің бәрін аман-есен жағаға жеткізді.

Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.