Олжас Бектенов әкімдерге өңірлердегі инфрақұрылымды жаңғырту қарқынын арттыруды тапсырды

фото: Үкімет

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық жоба шеңберінде инфрақұрылымды жаңғырту қарқынын арттыру қажеттігін атап өтті.  

«Ұлттық жоба – еліміздің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің негізгі тірегі. Сондықтан жобаны жүзеге асыру мәселесі Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. Қажетті нормативтік құқықтық база толықтай қабылданды, инвестициялық жобаларды қаржыландыру тетіктері айқындалды.
Өңірлерде ауқымды жөндеу жұмыстары басталды.
Белгіленген нысаналы көрсеткіштерге уақтылы қол жеткізу үшін инфрақұрылымды жаңғырту қарқынын сақтап қана қоймай, одан әрі арттыра түсу қажет», деп атап өтті Олжас Бектенов.

Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Ұлттық жобаны жүзеге асыруға бағытталған инвестициялық қаражаттың тиімді игерілуін қамтамасыз ету тапсырылды.