Биыл шілде айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ еліміздің тағы 8 өңірінде қару-жарақтың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.
Заңсыз айналымнан барлығы 31 бірлік қару, оның ішінде 4 автомат, 20 мылтық, 7 тапанша, 2 граната және 278 оқ-дәрі тәркіленді.
Қазір жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.