Астана полициясы күшейтілген режимге көшеді

фото: polisia.kz

29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтетін «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турниріне байланысты елордадағы бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.

Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, халықаралық жарыс кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жеке құрам күшейтілген қызметтік режимге көшеді.

«Цифрлық технологиялар мен дәстүрлі спортты ұштастыратын ауқымды додаға әлемнің үздік спортшылары, халықаралық делегациялар, жанкүйерлер мен туристер келеді деп күтіледі. Осыған байланысты полиция қызметкерлері тәулік бойы қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді», делінген хабарламада.

Сонымен қатар жарыс өтетін нысандардың маңында жол қозғалысы реттеліп, арнайы қызмет көліктерінің кедергісіз жүруі мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылданады.