Солтүстік Қазақстанда зейнеткер суға батып кетті

фото: shutterstock

Петропавл қаласының 63 жастағы тұрғыны көз жұмды. Қайғылы жағдай Мамлют ауданындағы емдік қасиетімен танымал Меңкесер көлінде болған. 

Әйел көлге туыстарымен бірге демалуға келген. Суға түсе бастаған сәтте оның кенеттен жағдайы нашарлаған. Оқиға куәгерлері бірден жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, әйелді аман алып қалу мүмкін болмады – ол көл жағасында көз жұмды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру аяқталғаннан кейін түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.