Аустралияның Сидней қаласында маусым алдындағы турнеде жүрген лондондық «Челси» клубы аустралиялық «Вестерн Сидней Уондерерс» командасымен жолдастық кездесу өткізді.
Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев англиялық клубқа ауысқаннан кейін негізгі құрамда алаңға шығып, маусымалды жолдастық матчында «Челси» сапындағы дебюттік голын небәрі 6-минутта соқты.