Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында екі адам қаза болды

  • AstanaTV
  • 28 шілде 2026

Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында адам өмірін арашаламақ болған жас жігіт көз жұмды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, арнайы жабдықталған демалыс аймағында ер адам суға бата бастаған. Оған көмек көрсетуге демалыс орнының қызметкері Андрей Козятинский бірден ұмтылған. Алайда қатты жел мен судың тереңдігі салдарынан екеуі де судан шыға алмай қалған. Кейін құтқарушылар екі азаматтың денесін судан шығарып, жағалауға жеткізді. Қазір оқиғаның  мән-жайы анықталып жатыр.

АҚТОТЫ АЯТҚЫЗЫ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНЫ:

Екі азаматтың денесін судан шығарып, жағалауға жеткізді. Кейін полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға ескертеді! Арнайы жабдықталған жағажайларда да қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет.