Биыл Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 168 жыл

Биыл Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 168 жыл. Арада ғасырдан астам уақыт өтсе де, қазақ әдебиетінің алып тұлғасын дәріптеу әлі де жеткіліксіз. Мамандардың айтуынша, бүгінгі зерттеулер Шәкәрімді тек ақын немесе діндар ретінде қарастырып, шеңберден шыға алмай отыр. Ал оның адам табиғатын түсінуге арналған философиялық ілімі әлі де толық зерттелмеген. Шығармашылықпен шектелмеген Шәкәрім тарих, география, жаратылыстану, физика, сөз өнері мен музыканы меңгерді. Тіпті ұлттық киім үлгісін жаңарту, ас мәзірі, көшпелі тұрмысқа бейімделу тәсілдерін де ұсыныпты. Араб, орыс, парсы тілдерін жетік білген ғұлама өз заманының білімдар тұлғаларының бірі болды.

ЕСБАТЫР СИСЕНОВ, ШӘКӘРІМТАНУШЫ:

Адамның психология ғылымының негізі ретінде оқытылуы жетіспей тұр. Ол кісінің енді шынымен де ілімін қолға алып істейтін болсақ, мейірімді, әділетті, мына парақорлықтан жойылатын, адамның арсыз қылықтарының бәрін жоятын сырды біледі ол. Еңбектерінде ол соның бәрін әлемге танымал философтардың еңбектерімен дәлелдеп берген қысқа-нұсқа қылып.

Шәкәрімтанушы Есбатыр Сисенов ұлына ғұламаның есімін берген. Шәкәрімнің өсиетін өмірлік ұстанымына айналдырған оның сырсөздерін жатқа біледі.

ШӘКӘРІМ ЕСБАТЫРҰЛЫ:

Шәкәрім Құдайбердіұлының көптеген сырсөздерін жаттадым біразын. Кішкентай кезімнен әкем жаттататын. Көбісі ойлайды: ол діндар болғасын, дін туралы жазады деп. Бірақ ол көбінесе ең алдымен елге қызмет көрсету туралы, адамгершілік туралы, жүректің тазалығы туралы және көптеген тақырыптарды ашқан.