Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының штабы өңірлердегі сайлауалды кездесуін жалғастыруда

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының штабы  өңірлердегі сайлауалды кездесуін жалғастыруда. Кезекті кездесу Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында болды. Онда партия өкілдері жергілікті тұрғындармен жүздесіп, ауыл өміріндегі өзекті мәселелерді талқылады. Жолдардың жай-күйі, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, жер мен тұрғын үйге қатысты түйткілдер сөз болды. / Бұдан бөлек, үгіт-насихат жұмыстары Алматы облысының Талғар ауданында өтті. Мұнда депутаттыққа кандидаттар жиһаз цехының еңбек ұжымымен кездесті. Олар өндірістегі еңбек жағдайымен танысып, жұмысшылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ, Қызылорда облысының Шиелі ауданында өткен жиында ауыл тұрғындары азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесін көтерді.

ЕРҒАЗЫ ҚОЖАҚОВ, ЖСДП ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл жерде бірнеше сұрақ көтерілді.Біріншісі тамақ өнімдерінен бағаның төмендетуі және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қалай жетілдіру. Сосын зейнетақы жасын төмендету. Біз бұлардың барылығын алдағы жұмыс жоспарларымызда ұсынатын боламыз.