Қазақстан Халық партиясының кандидаттары елордалық педагогтермен кездесті

Қазақстан Халық партиясының кандидаттары Астанада білім беру саласының өкілдерімен кездесу өткізді. Басқосуға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, жекеменшік мектеп жетекшілері мен педагогтар қатысты. Жиын барысында білім беру жүйесін жетілдіру, педагогтердің мәртебесін нығайту, мұғалімдерді қолдау тетіктері және білім сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ салада қордаланған өзекті түйткілдер мен оларды шешуге бағытталған ұсыныстар ортаға салынды. Еркін пікір алысу форматында өткен кездесуде педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті.

ЛӘЗЗАТ СҮЛЕЙМЕН, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ:

Сапалы қолжетімді білім тек қана үлкен қалаларда, үлкен мектептерде ғана емес ауылда әр балағы жеткілікті болуға тиіс. Алдағы уақытта Халық партиясы еңбек адамы бар барлық жерге баруға тырысады. Бүгін білім болса, ертең денсаулық, өндіріс. Металлург, шахтерлармен де осы еңбек адамы бар жерлердің бәрін қамтуға тырысатын боламыз.