«АУЫЛ» партиясының кандидаттары еңбек ұжымымен кездесті

  • AstanaTV
  • 28 шілде 2026

«Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Ақмола облысы, Ақмол ауылындағы «Аман Ет» компаниясының еңбек ардагерлерімен кездесті. Кәсіпорын ет шикізатын өңдеп, шұжық және өзге де дайын өнім шығарады. Онда жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылған. Жиын барысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту, азық-түлік өндірісін қолдау, сондай-ақ елді-мекендегі басқа өзекті мәселелері сөз болды. Саяси ұйым өкілдері сайлауалды тұғырнамасын таныстырып, көпшіліктің ұсыныс-тілегін тыңдады. Қатысушылар еңбек жағдайына, маман тапшылығына, саладағы түйткілдерге қатысты пікір білдірді.

НҰРАЙ ӨМІРЖАН, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Зейнеткерлермен елді-мекендерді жасылдандыру, абаттандыру мәселесін талқыладық. Сосын ең өзекті тақырыптардың бірі жастардың қалаға кетпей ауылда қалуы үшін не істеу керек, қандай жағдай жасау керек? Осы жөнінде пікір алмастық.