«Ақ жол» демократиялық партиясы өкілдері Ақмола вагон жөндеу зауытының еңбек ұжымымен кездесті. 85 жылдық тарихы бар кәсіпорында бүгінде 200-ден астам жұмысшы еңбек етеді. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, онда көзделген негізгі бағыттар мен бастамалар жөнінде ақпарат берілді. Сондай-ақ, өнеркәсіп саласын дамыту, отандық кәсіпорындар мен кәсіпкерлікті қолдау мәселелері талқыланды.
ДАНИЯ ЕСПАЕВА, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Меніңше жақсы іс-шара өтті. Себебі жұмысшылар тек қана біздің бағдарламамызды тыңдамай , сонымен қатар өздерінің сұрақтарын , себебі халықта көптеген сұрақ бар. Ол біздің заңдарға, парламенттің шығарған заңдарына байланысты.