Грек-рим күресінен Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті

Фото: ҰСК

Қазақстандық Дияр Аманәлі 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Әлем чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды.

Ол Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан әлемдік додада 55 келіге дейінгі салмақта белдесті.

Дияр жарыс барысында грекиялық Николаос Зинисисті, Ресей өкілі Эдем Пайзиевті, грузиялық Гиорги Кеделидзеді, болгариялық Данимир Йордановты жеңіп, алтын жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды.

Финалда Дияр Аманәлі Венгрия өкілі Кеве Ковачпен кездесіп, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын сыйлады.