Жол қозғалысы ережелерінің 162 бұзушылығы анықталды

Polisia.kz

28–30 шілде аралығында Батыс Қазақстан облысының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесу және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында "Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері қоғамдық көліктерге тексеру жүргізіп, көлік құралдарының техникалық жай-күйіне, қажетті құжаттардың болуына, жолаушыларды тасымалдау кезінде заңнама талаптарының сақталуына, сондай-ақ осы саладағы заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактілерін анықтауға және жолын кесуге ерекше назар аударуда. Жедел-профилактикалық іс-шараның алғашқы тәулігінің қорытындысы бойынша Орал қаласы аумағында жол қозғалысы ережелерінің 162 бұзушылығы анықталды. Оның ішінде: 6 дерек – жолаушылар тасымалы саласында заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру; 3 дерек – қарсы бағыттағы қозғалысқа арналған жолаққа шығу; 5 дерек – автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының талаптарын бұзу. Анықталған барлық құқық бұзушылық бойынша кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жедел-профилактикалық іс-шара жалғасып жатыр.