Елде ресми түрде 446 мыңнан астам жұмыссыз азамат бар. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры дәл осындай нәпақасынан айырылғандарды қаржылай қолдап, қаражат аударады. Мұндай қолдауға ие болу үшін мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелу қажет. Алайда орталықта тіркелгендердің бәрі бірдей бұл көмекті ала алмайды. Қордан қаражат алу үшін азаматтың соңғы 2 жыл ішінде кемінде 6 ай жұмыс істеп, жұмыс беруші тарапынан тиісті жарналар түскен болуы шарт. Жұмыстан босатылған адамдарға заң бойынша әлеуметтік төлем бір айдан 6 айға дейін тағайындалады.
ГҮЛБАҒИЛА БОЛАТБЕКОВА, "МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ" АҚ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Соңғы екі жылда орташа айлығын есептейміз. Сондықтан соңғы екі жылда ең құрығанда 6 айға әлеуметтік аударымдары болуы керек. Және төлемнің мөлшері негізінен оның соңғы 2 жылдағы айлығына байланысты. Және еңбек өтіліне байланысты. Қанша жыл сол азамат үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жарналар түсіп отырды. Төлемнің көлемі негізі орташа айлығының 45 %-ын құрайды.