Трамп сенаторды ақтық сапарға шығарып салу кезінде әзілдеді

"Оны әріптестері де жақсы көрмейтін". Трамп жуырда өмірден өткен сенатор Линдси Грэмның жаназасында әзілдеп, әбестік жасады. Ақтық сапарға шығарып салу рәсімінде өз партияласы туралы: «Кез-келген соғысты жақсы көретін еді», - деп сипаттады. Сенатормен қоштасуға Владимир Зеленский мен Биньямин Нетаньяху да келді. АҚШ Президенті жерлеуден кейін әріптестерімен жабық режимде кездесті. Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 13-ке жетті. Жергілікті билік мәліметінше, бұл сан артуы мүмкін. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Трамп жаназада әзілдеді. АҚШ билігіндегі ығай мен сығай республикалық партия қатарында Сенатта бірнеше жыл отырған ардагер-саясаткер Линдси Грэмды ақтық сапарға шығарып салды. Көпшілік марқұм-сенатордың қызметіне тоқталып, мінезін сипаттаған кезде, АҚШ Президенті: «Оны мен тұрмақ, жақтастары да жақсы көрмейтін», - деп қойып қалды.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Онымен келісу қиын еді. Партияласым болса да, бастама көтерсек, жалғыз өзі болып келіспей қоятын. Бірақ, адамды баурап алатын қасиеті де жоқ емес. Сондықтан, адамдар оны бірде жек көріп, бірде өлердей жақсы көретін. Линдси Грэм – саяси алпауыт, өткен ғасырдың батыр тұлғасы, көненің көзі. Соғыс дегенді қатты жақсы көрді. Жастық шағын еске алып, Иранға қолына қару алып барғысы келді. Бүтін бір дәуір енді келмеске кетті.

Жерлеу рәсіміне Владимир Зеленский мен Биньямин Нетаньяху да келді. Қос мемлекет басшысын Трамп жабық режимде қабылдап, артынша жай ғана: «Керемет кездесу өтті», - деп хабарлама жазды. Бірақ, Нью-Йорк көшелерінде халық Израиль басшысының келуіне қарсы наразылық акциясын ұйымдастырды. Арасында ұлты еврей азаматтар да бар. Олар, Палестина жерін дендеп басып алуға қарсы екендерін айтып ереуілге шықты. Батыстық басылымдар Трамп нетаньяхуды көре сала, ұрыса жөнелгенін айтуда. Нетаньяху да бұны жоққа шығарды.

БИНЬЯМИН НЕТАНЬЯХУ, ИЗРАИЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Екі айдан бері келе жатқан қауөсетке тоқтау қойдық. Себебі, президент Трамппен мақсат-мұратымыз бір. Иран ядролық қаруға ие болмауы керек. Ол кезде бүкіл Таяу Шығыс та, Әлем де қауіпке душар болады. Сондықтан, Араб елдері де бізбен әріптес болып отыр. Мен кеше өзім сөйлескен бірқатар араб елдері басшыларының сәлемдемесін Президент Трампқа жеткіздім. Ол барлығымен келісті.

Жапонияда кеше болған жойқын жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты. Бірақ, қаза тапқандар саны бұдан да көп болуы мүмкін. Себебі, ондаған адам іс-түссіз жоғалып кеткен. Зілзала эпицентрі көне Кумамото қаласында болған. Шаһардағы ірі сауда орталығы опырылып түскен. Мемлекет басшысы Санаэ Такаичи бар ресурсты жоғалған адамдарды құтқаруға және апат салдарымен күреске жұмылдыратынын мәлімдеді.

САНАЭ ТАКИЧИ, ЖАПОНИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Кумамотодағы сауда орталығында күзетшілер мен келіп жеткен құтқарушылар тек 8 адамды арашалап қалды. Бірнеше көпір мен жолдар қирап қалғандықтан, апатқа өзге аймақтардан жету мүмкін болмай тұр. Бірақ, жоғалған адамдар тірі дегенге сенемін. Оларды қайтсек те құтқарамыз.

Франциядағы орман өртін бақылау мүмкін емес. Президент Эммануэль Макронның айтуынша, бұл – Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен нәубет. Тілсіз жау Бордо қаласына қатты жақындады. Еуропалық Одақ комиссиясы Францияға көмек жіберу мәселесін талқылауда.