Павлодарда өндіріс пен кадр тапшылығы мәселелері талқыланды

Respublica партиясының өкілдері  Павлодардағы   Еуразиялық энергетикалық корпорацияның қызметкерлерімен кездесті. Жиында   салық саясаты, моноқалалардың дамуы,  кадр тапшылығы,  жалақы мен еңбек қауіпсіздігі мәселелері   талқыланды.  Уақыт белдеуіндегі өзгерістер туралы да сөз болды.   Сондай-ақ  "Қызылжар құс" фабрикасының жұмысшыларымен  жүздесіп,  кәсіпорынның тыныс-тірлігімен танысты. Еңбек ұжымына  партия бағдарламасының  басым бағыттары туралы баяндап берді.   Ал, "Respublica Jastary"  ұйымының өкілдерімен кездесуде  жастардың білім алып,  жұмысқа орналасуы жөнінде пікір алмасты.  Сондай-ақ, жастардың түрлі жобасын  қолдау мәселесі көтерілді.

МАХАНБЕТ АМАНГЕЛДІ, RESPUBLICA ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің негізгі бағытымыз   - әрине орта және шағын бизнес өкілдерінің құқықтары, себебі неге біз әрқайсымыз өзіміздің ұрпағымыз, балаларымыз барлығы мемлекетіміздің бай болғанын қалаймыз, қуатты болғанын қалаймыз. Сол себепті осы бағытта даму үшін көптеген заңнамалық өзгерістер керек болады.