Павлодарда жындыханада науқастарды бөгде адамдар ұрып соққаны рас па?

Павлодарда психикалық денсаулық орталығында науқастарды бөгде адамдар ұрып соққан. Бұл туралы әлеуметтік желіде жазба тарады. Автордың айтуынша,  қария кісілерді бейнебақылау құрылғысы жоқ жерде жасырын соққыға жыққан. Осы оқиға қатысты облыстық психикалық денсаулық орталығы  түсініктеме берді. Орталық басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Александра Бухаринаның сөзінше, бұндай келеңсіз жағдай болмаған.  Қызметтік тексеру жүргізіліп, науқастардан түсініктеме алыныпты. Қазіргі уақытта психикалық денсаулық орталығында 45 адам ем алып жатыр. Тексеру барысында науқастардың ешқайсысы ұрып соғу бойынша шағым жасамады дейді. Бірақ, бұндай ақпараттың қайдан шыққаны әзірге белгісіз. 

АЛЕКСАНДРА БУХАРИНА, ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Тексеру барысында жарияланымда көрсетілген Азамат есімді санитардың орталықтың №2 ерлер бөлімшесінде жұмыс істемейтіні анықталды. Пациенттер тарапынан қызметкерлердің жұмысына және емделу жағдайларына қатысты ешқандай шағымдар мен наразылықтар түскен жоқ. Қызметтік тексеру нәтижелері бойынша әлеуметтік желілерде таратылған ақпарат расталған жоқ.