"Саяси партиялар ашық түрде жұмыс жүргізуі керек", - сарапшы

  • AstanaTV
  • 30 шілде 2026

Бүгінде заманауи технологиялар саясаттың ажырамас бөлігіне айналып келеді. Осыған орай Астанада саясаттанушылар мен медиа мамандары электоралдық науқанның жаңа үрдістерін сарапқа салды. Жиында цифрлық дәуірдегі саяси коммуникация мен сайлауалды үгіт-насихат мәселелері   сөз болды. Әсіресе науқан кезінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жайы жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, сарапшылар желіде желдей есетін жалған ақпараттарға тосқауыл қою тетіктеріне де ерекше басымдық берді.

НАЙЛА МҰХТАРОВА, САЯСАТТАНУШЫ:

Фейк ақпараттар да көптеген таралып жатыр біздің қоғамда. Менің ойымша, саяси партиялар саяси бағдарламаларын ұсынған кезде және де агитациялық, үгіт-насихаттық жұмыстар жүргізген кезде осы бүгінгі күнгі жалпы адамның сенім психологиясын алға тартып, сол азаматтарды өздерінің назарына аудару және де оны неғұрлым таза, ашық түрде жұмыс жүргізу керек деп ойлаймын.