ҰҚК алаяқтыққа қатысы бар Оңтүстік Кореяның 14 азаматын ұстады

Фото: видеодан алынған кадр

Оларға телекоммуникациялық жүйелер арқылы алаяқтық жасаған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болды деген күдік келтіріліп отыр.

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) алаяқтық колл-орталықтардың заңсыз қызметінің жолын кесу барысында Оңтүстік Кореяның 14 азаматын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҰҚК мәліметінше, 2026 жылғы 23 шілдеде жүргізілген іс-шаралар барысында ұсталған шетел азаматтарына қатысты Корея Республикасының құқық қорғау органдары қылмыстық іс тергеп жатыр.

Тергеу нұсқасына сәйкес, олар телекоммуникациялық жүйелерді пайдалану арқылы алаяқтық жасаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болған, - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.

Күдіктілердің тұрғылықты жерлерінде жүргізілген тінту барысында заңсыз әрекеттерде пайдаланылған компьютерлік техника, ұялы телефондар мен ноутбуктер тәркіленді.

Қазіргі уақытта ұсталғандар процестік іс-шараларды жүргізу және кейіннен депортациялау үшін уақытша ұстау изоляторына қамалды.