Заңсыз жолмен әкелінген көліктер енді қатаң тексеріледі

Фото: pixabay

Елдегі жаңа көліктердің шамамен 70%-ы ресми диллерлер арқылы нарыққа шықса, қалған бөлігі түрлі заңсыз жолдармен сатылады. Сондықтан мемлекет көлік импортын бақылауды күшейтпек.

1 қыркүйектен бастап елге кіргізілген әрбір автокөліктің VIN-коды өндірушінің халықаралық дерекқорымен сәйкесуі керек.

Егер мәлімет сәйкес келмесе немесе көлік заңсыз жолмен жеткізілсе, оны тіркеу мүмкін болмайды.