Бір адам қаза тауып, төрт бала ауруханаға түсті: Маңғыстауда жол апаты болды

Фото: Almaty.tv

Қайғылы оқиға Шетпе – Сайөтес автожолының 252-шақырымында тіркелді. 
 
Полицияның мәліметінше, 28 шілдеде таңертең Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Ал көлікте болған төрт бала түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаменті. 

Қайғылы оқиғаға дейін осы көлікті патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатқан. Полицейлер жүргізушіге жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын түсіндірген. Сондай-ақ оған жолда міндетті түрде демалып алуға кеңес берілген.

«Жүргізушіге қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, демалу үшін аялдау қатаң ұсынылған болатын. Өкінішке қарай, қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмады», – деп мәлімдеді полиция.