Әлеуметтік желідегі заң бұзушылық: Павлодар тұрғыны 20 тәулікке қамауға алынды

фото: gov.kz

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында құқыққа қайшы видео анықталды.

Тікелей эфир кезінде ер адам автокөлікті басқарып келе жатып, көпшілік алдында былапыт сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. Сонымен қатар жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарған.Полиция қызметкерлері оның жеке басын жедел анықтады. Құқық бұзушы Павлодар қаласының 26 жастағы тұрғыны Аслан Амантаев болып шықты.

Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 тәулікке қамауға алынды.Полиция ескертеді: әлеуметтік желілерде, оның ішінде тікелей эфир кезінде жарияланған құқыққа қайшы контент құқықтық бағалаусыз қалмайды.