Талдықорғанда жағажайдан ер адамның мәйіті табылды

  • AstanaTV
  • 31 шілде 2026

Талдықорғанда қалалық жағажайдан ер адамның мәйіті табылды. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады. Полицияның мәліметінше, марқұмның денесінен алдын ала тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Соған қарамастан, өлімнің нақты себебі мен оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалған.

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Қалалық жағажай аумағында ер адамның мәйіті табылуына байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәлімет бойынша, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.