Қызылжарда мектеп оқушысынан туберкулездің ашық формасы табылды. Жасөспірім өкпе қабынуына шалдығып, ем алып жүрген. Кейін сараптама жасалып, дерттің асқынып кеткені расталды. Мектеп басшылығы ер баланың мектепке соңғы рет мамырдың 30 күні келгенін айтады. Демек, науқас басқа оқушылармен тікелей қатынаста болмаған, дейді.
ЕРМЕК БАҚТЫБАЕВ, №17 ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ ОРТА МЕКТЕП-КЕШЕНІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Маусымның 26сы күні оқушылар жоспарлы түрде флюрография тапсырған кезде бұл баладан пневмония анықталған. Кейін ол ауруханаға жатқызылды. Шілденің 14 күні бізге туберкулездің расталғаны жөнінде ақпарат келіп түсті. Қазір біз құзырлы органдардың берген нұсқауы бойынша барлық сақтық шараларын жүзеге асыруға кірісіп кеттік.
Эпидемиолог мамандар қазір мектепті жаппай тексеріп жатыр. Сараптама оқушыларды ғана емес, мұғалімдер және техникалық жұмысшыларды да қамтиды. Айта кету керек, аймақта туберкулездің ашық формасы соңғы рет 2024 жылы анықталған.
ДАНИЯР ОСПАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Мектепте дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Науқаспен тікелей байланысты болған адамдардың тізімі жасақталып, олар жеке бақылауға алынады. Қазір сала мамандары баланың ауруды қайдан жұқтырып алғанын анықтап жатыр.