PUBG жұлдыздары 1 миллион АҚШ долларын сарапқа салады

  • AstanaTV
  • 31 шілде 2026

Бүгін Астанада өтіп жатқан "Болашақ ойындары" аясында пабджиден іріктеу ойындары басталды. 16 команда кубокпен бірге 1млн ақш долларын сарапқа салады. Үш жарыс күні ішінде командалар бірнеше матч өткізеді, ал соңғы күні чемпион анықталады. Қай команда фаворит, кім жүлдеден үмітті тілші тарқатады.

СЕРЖАН АЙТЖАН, ТІЛШІ:

Алғашқы жарыс күнінде командалар 5матч өткізеді. Әр матчтан кейін ойыншылар тек иеленген орны үшін ғана емес, қарсыластарын қанша рет ойыннан шығарғаны үшін де ұпай жинайды. Ал алғашқы ойын күнінің қорытындысында аралық турнирлік кесте жасақталып, көш басындағы командалар белгілі болады.

Жүлдеге әркімнің-ақ бар таласы. Пабджидің үздік 16 командасы  түрлі іріктеуден өтіп, Астанаға ат басын тіреді. Олардың арасында 2025 жылғы чемпион  «фулсэнс» және 2024- те  үздік атанған The экспендэйблс топтары бар. Әуесқой ойыншы Даниярдың айтуынша Фальконс төрттігі анық фаворит саналады.

ДАНИЯР МУХАМЕДХАНОВ, ЖАНКҮЙЕР:

Меніңше, бірінші орынды «Фальконс» алады. Екінші орынға «Твистед Майндс» командасын қояр едім. Ал үздік үштікті қытайлық команда түйіндейді деп ойлаймын. Бұл ойынды ойнап жүргеніме үш жыл болды. Осы уақыт ішінде ірі турнирлерді тұрақты түрде бақылап келемін. Өзіме әсіресе еуропалық командалардың ойыны ұнайды, сондықтан көбіне соларға жанкүйер боламын.

Жаһан жұртын желіге жақындатқан ойында отандастарымыз да өнер көрсетеді. Қазақстандықтардан құралған төрттік іріктеуден кейін, 2 ай дайындалып, жарысқа сақадай сай дайын келген.

НҰРЖАН ҚОЯНАҚОВ, DIGA ESPORTS КОМАНДАСЫНЫҢ PUBG ОЙЫНШЫСЫ:

Біз Diga Esports атауымен өнер көрсетеміз және жақсы нәтиже көрсетеміз деп үміттенеміз. Себебі біз – іріктеуден өткен жалғыз қазақстандық командамыз. Турнирге қатысатын барлық команда – өз елдерінің үздіктері. Дегенмен өз мүмкіндігімізді жоғары бағалаймыз. Лайықты нәтиже көрсетуге бар күшімізді саламыз.

Болашақ ойындары Дига ойыншылары үшін үлкен тәжірибе болмақ. Отандастарымыз іріктеуден сүрінбей өтіп, 2 тамызда ақтық ойында жасындай жарқылдайды деп сенеміз.