Астанада тапсырысты дронмен жеткізетін пилоттық жоба басталады

Астанада дрондар арқылы тапсырыс беру қызметі іске қосылды. Енді жеңіл тағамдар мен сувенирлерді тікелей әуе арқылы тапсырыс беруге болады. Жүйенің жұмысы өте қарапайым, арнайы сары жәшіктегі QR-кодты сканерлеп, қажетті өнімді таңдасаңыз жеткілікті. Тапсырыс ең көп дегенде 8-10 минут ішінде арнайы M-Port смарт-постоматтарына жеткізіледі. Әуе курьерлері салмағы 2 жарым келіге дейінгі жүкті тасымалдауға қауқарлы. Ең бастысы, жеткізу қызметі тегін әрі ұсынылатын тауарлардың бағасы   халыққа қолжетімді.

ДАСТАН ЗАЙНОЛДА, «ALATAU ADVANCE AIR GROUP LTD» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ӨКІЛІ:

Киоск постаматтарымыз 5 жерде орнатылған. Біреуі осы «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде, «Барыс Аренада», Жекпе-жек кешенінде және «Алау» мұз айдынының қасында екеуі орнатылған. Барлығы 5 нүкте бар. Бүгінде дронмен жеткізуді қолға алған әлемде 3-ақ мемлекет бар. Олар: Қытай Халық Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері және үшінші болып Қазақстан қосылып отыр.