ЖСДП өкілдері сырқат балалардың ата-анасымен кездесті

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының батыс қазақстандық өкілдері баласы қант диабеті және целиакия ауруына шалдыққан ата-аналармен кездесті. Жиында Құрылтай депутаттығына кандидат Анаргүл Әбенова сырқат бала өсіріп отырған отбасылардың мұң-мұқтажына назар аударды. Олардың арыз-шағымы мен ұсыныстарын тыңдады. Өкінішке қарай, елімізде мыңдаған бала  қант диабетімен есепте тұр. Жиында сол балаларға сапалы медициналық қызмет көрсету мәселелері жан-жақты айтылды. Ал Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының ұйымдастыруымен «Заманауи білім беру жүйесінің өзекті мәселелері» атты конференция өтті. Іс-шараның мақсаты - білім саласында қордаланған түйткілдерді талқылап, оқыту сапасын арттыру. Сонымен қатар саланы дамытуға арналған ұсыныстар әзірленбек.  

НҰРЛАН ЖАБАЕВ, ЖСДП ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ғылымсыз білім дамымайды. Жоғары білім – қазіргі Қазақстанның дамуының ең негізгі флагманы. Оқушылардың көбі шетелге кетіп, жақсы білім алады да, сол жақта қалып қояды, қайта келмейді. Олар сырттан үйренген дүниелерін осында енгізуі тиіс. Бізге жетіспей тұрған нәрсе – осы.