«Байтақ» партиясы Астанада экологиялық акция өткізді

  • AstanaTV
  • 31 шілде 2026

«Байтақ» жасылдар партиясы елордада «Жасыл тармақ LRT» экологиялық акциясын ұйымдастырды. Шара экологиялық көлік жүйесін дамытуға арналған. Акцияға қатысушыларға  жасыл шарлар таратылып, заманауи экологиялық көліктің артықшылықтары туралы ақпарат берілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар Қазақстан бойынша қоршаған ортаға қолайлы көлік түрлерін дамыту идеясын қолдауға бағытталған.

НАРИМАН БАУБЕК, «БАЙТАҚ» ПАРТИЯСЫНАН ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТ:

Біз қала көшелерінде тұрғындармен, сайлаушылармен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Партиямызды және оның бағдарламасын таныстырып келеміз. Бұл жолы қалыптасқан үлгіден сәл өзгеше форматты таңдап, акцияны LRT-ның қазіргі «Тарлан» деп аталатын стансасының маңында өткізуді жөн көрдік.