Қазақстан Халық партиясының өкілдері Астанада «Мемориалдық аймақ» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесті. Аталмыш ұйым екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық майдангерлерді іздеумен айналысады. Шарада осы жұмыстың негізгі қорытындылары таныстырылды. Арнайы жасақ жыл сайын Санкт-Петербург маңында қазба жұмыстарын жүргізеді. Осы уақытқа дейін хабарсыз кеткен 3200-ден астам отандасымыз туралы ақпарат тапқан. Белсенділер архивтік құжаттарды зерттеуге де қолдау көрсетуде.
ЛӘЗЗАТ СҮЛЕЙМЕН, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫНАН ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТ:
Екінші дүниежүзілік соғыс біздің тарихымыз. Біздің халқымыз үшін ата бабаларын табу, құран оқу, құрмет көрсету - ата салтымыз болып табылады. Сондықтанда бұл ұйым адамдарға үлкен көмек көрсетіп отыр.